Қазақстан мен China Transinfo Group пилотсыз көлікті дамыту жөнінде меморандумға қол қойды

Құжат пилотсыз көлік технологиялары мен цифрлық шешімдерді көлік саласына енгізу бойынша ұзақмерзімді ынтымақтастыққа негіз қалайды.

Астанада өткен NEW SILK WAY халықаралық көлік форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытайдың China Transinfo Group компаниясы пилотсыз көлік пен көлік саласын цифрландыру бағытында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан халықаралық көлік дәліздерін дамытып, тасымал тиімділігін арттыру және елдің транзиттік әлеуетін толық пайдалану үшін заманауи технологияларды енгізіп келеді.

Биыл Қазақстан мен Ресей «Астана – Мәскеу» бағыты бойынша пилотсыз жүк көліктерінің пилоттық жүрісін жүзеге асырды. Ендігі қадамдардың бірі – Қытаймен бірлесіп, халықаралық көлік дәліздерінің жекелеген учаскелерінде осындай жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру.

Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль қатынасын дамытуға және көлік байланысын нығайтуға ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.