Астана қаласының Алматы ауданында Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан екі қабатты фитнес-орталықтың жертөлесіндегі кабель тұтанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар жертөле бөлмесінің қатты түтінге толғанын анықтады.
Ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 20 адамды эвакуациялады.
– ТЖМ бөлімшелерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.