Мадира Жұмақан әлем чемпионатында камбэк жасады

51 келідегі Мадира Жұмақан 1/8 финалда Корин Мари Фавимен (Италия) жұдырық түйістірді.

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында кешкі сессия басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

51 келідегі Мадира Жұмақан 1/8 финалда Корин Мари Фавимен (Италия) жұдырық түйістіріп, 5:0 есебімен басым түсті.

Алғашқы раундтан Италия боксшысы шабуылға ден қойып, басымдықты өз қолына алуға тырысса, отандасымыз қарымта шабуылда аянып қалмады. Бокс федерациясы мәліметінше, шешуші раундта Мадира қарсыласын нокдаунға жіберіп, жеңімпаз тағдырын шешіп тастады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.