Қазақстандық триатлоншылар Гонконгта өтетін әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ерлер арасындағы жарыста Арлан Жаңабай, Дарын Қонысбаев, Аян Бейсенбаев ел намысын қорғайды.
Еске сала кетейік, Арлан Жаңабай 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған еді.
ҚР ҰОК мәліметінше, Гонконгтағы жарыс 7-8 қараша аралығында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.