Ұлттық бағдарламаның жаңа міндеттері
Ұлттық бағдарламаның жаңа міндеттері
306
оқылды
Ақпанның 5-і күні Ақордада Қазақстан Президентінің жа­нындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іс­ке асыру жөніндегі Ұлттық ко­­мис­сияның отырысы өтті. Қазақстанның Мем­ле­кет­­тік хатшысы Қырым­бек Көшер­баевтың төрағалы­ғы­мен өткен жиында 2019 жылы бағ­дар­ламаны іске асырудың нәти­желері мен алда атқары­ла­тын жұмыстың жаңа басым бағыттары қаралды. Бұл ту­ра­лы Ақорданың баспасөз қыз­меті ақпарат таратты. Мемлекеттік хатшы Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті – Елба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған бағдарламалық міндеттер аясында қазақстандық қоғамды рухани жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстар атқарылғанын айтып өтті. Олар ұлттық бірегейлікті сақ­тауға, прагматизмге, білімнің сал­танат құруына, сананың ашық­тығына және Қазақстанның эволюциялық дамуына бағыт­тал­­ған 12 арнайы жобаға топтас­тырылған. Қ.Көшербаев өткен жылды қорытындылау барысында қазақ­стандық бизнестегі әлеуметтік жауап­кершіліктің айтарлықтай артқанын атап өтті. 2019 жылы тек қана «Туған жер» жобасының аясында демеушілердің көмегімен 60 млрд теңге 1 520 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарына жұмсалған. Соның ішінде мектептер, балабақшалар, спорт алаңдары, мәдени және медициналық мекемелер бар. «Архив-2025» шарасын іске асырудың бағдарламасы қабыл­данды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен латын графи­касындағы жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру жұмыстары жүріп жа­тыр.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу­лық» арнайы жобасының аясында 17 жұмыс тобы құрылып, әлемнің мықты баспаларын іріктеу мен аудару жұмыстары жүйелі ұйым­дастырылды. «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жо­ба­сын іске асыру арқылы респуб­лика­лық маңызы бар 48 ескерт­кішке ғылыми қайта қалпына кел­тіру жұмыстары жасалды. «Қа­зақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында жыл сайын қоғамның үздік өкілдері таңдалып келеді.
Сонымен қатар Мемлекеттік хат­шы бағдарламаны іске асыру­дың кейбір бағыттарына ерекше назар аудару қажетін атап өтті. Соның ішінде, тұлғалық даму, праг­матизм, ұлттық бірегей­лік­­ті сақтау және мемлекет пен қо­ғамның дамуы «халық үні­не құ­лақ асатын мемлекет» тұ­жырым­дамасы аясында жүзеге асы­ры­лады. «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының басым бағыттары бойынша барлық өңірлерде жұ­мысты жандандыру қажеті ерек­ше аталып өтті және орын­далуы Қазақстан Президенті Әкім­шілі­гінің бақылауында болады.