Ешкім жұмыссыз қалмайды
Ешкім жұмыссыз қалмайды
Карантинге жабылған Ал­маты мен Нұр-Сұлтан қала­ларында нәпақасын тауып жүрген қала маңындағы ауыл­дардың азаматтарына жұ­мыссыздық қаупі төніп тұр­ғаны жиі айтыла бастады. Мем­лекет басшысы да ауыл­дарға ағылған еңбекке қа­білетті жандарды еңбекпен қамту мақсатында арнайы Жол картасын жасап, жұмыс­сыз­дарды көктемгі дала жұ­мыстарына, тасқынға қарсы тұру шараларына, құрылыс пен жөндеу істеріне тартуды тапсырған болатын. Алматы облысында селек­торлық кеңесте өңір басшысы Амандық Баталовтың айтуына қарағанда, Жетісу өлкесіне Жұмыспен қамтудың жол кар­тасын жүзеге асыруға респуб­ликалық бюджеттен 109,2 млрд теңге бөлініпті. Осы қомақты қаржыға 1 240 жобаны жүзеге асырып, 27,3 мың жұмыс орнын құру жоспарланған.
– Барлығымыз естігендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай­лар жөніндегі мемлекеттік ко­­мис­сияның отырысында Жұ­мыс­пен қамтудың жол картасын жүзеге асыруды тапсырып, оған 1 трлн теңге бөлінетінін айтты. Осы қаржыдан біздің облысқа 109,2 млрд теңге бөлінді. Енді осы қаражатты қайда бағыттау керегін шешуіміз керек. Басты назарды халықты жұмыспен қамту мәселесіне аударуға тиіс­­піз. Себебі, өздеріңіз біле­сіздер, Алматы қаласының коро­­навирусқа байланысты ка­­­ран­тинге жабылуынан соң об­­л­ыстың көптеген тұрғыны жұ­­­мыссыз қалды. Сондықтан олар­дың отбасын тарықтырмау үшін тез арада жаңа жұмыс орын­дарын ашуымыз керек. Бұған дейін бір жылда осыншама қаржы бірден бөлінбейтін. Осыған орай оны тиісті салаларға бағыт­тауды жеті рет өлшеп барып ат­қаруымыз керек. Бірінші ке­зек­те есеп беру жиындарында, азамат­тарды жеке қабылдауларда тұр­ғындар тарапынан көтерілген мә­селелерге көңіл бөлеміз. Барлық өтінішті талдап, еш­кімнің жұмыссыз қалмауын, елге қажетті жобаларды ескерген жөн, – деді Амандық Баталов.
Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов облыста «Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы» 4 бағыт бойынша жүзеге асырылатынын, бірінші бағытта әлеуметтік нысандардың күрделі жөндеуі мен жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін ортаға салды. Білім саласының өзінде 88 нысан күрделі және ағымдағы жөндеуге жатса, 351 мектепте сырттағы дәретханалар мәселесін жою қажет. Жалпы, әлеуметтік-мәдени салада 31,8 млрд теңгеге 491 жоба жүзеге асырылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту бойынша 79 ны­санға 20 млрд теңге қарас­ты­ры­лып, 5 мыңға жуық жұ­мыс ор­ны құрылады деп жоспар­лан­ған. Инженерлік-көліктік ин­фрақұрылымның күрделі, орта және ағымдағы жөндеуі бойынша 547 нысанға 34 млрд тең­ге қарас­ты­рылып, 8 500 жұмыс орны құрыл­мақ. Төртінші бағыт – елді ме­кендерді абаттандыруда 153 ны­санға 17 млрд теңге қарас­тыры­лады. Сонымен қатар ирри­гациялық жүйелерді жаңғыртуда 7 жобаны жүзеге асыруға 6,2 млрд теңге беріліп, осы қаржыны игеру барысында 73,0 мың гек­тар суар­малы жер айналымға қо­сылады. Инфрақұрылымдық жоба­ларды жүзеге асыруға қарас­тырылған қаржының 90 пайызы отандық өндірушілерден тауар­лар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуға жұмсалуы қажет. Сонымен бірге облыста ең­бек­пен қамту жөнінде жұмыс тобы құрылып, оның құрамына өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен аймақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің мүшелері енгі­зіледі және Алматы қаласындағы карантинге байланысты өңір­ге қайтып келген облыс тұрғын­да­рын жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылады.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы