Коронавирус жұқтырғандар саны 204 адамға жетті
Коронавирус жұқтырғандар саны 204 адамға жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 204 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. "Қазақстандағы коронавирус бойынша 28 наурыз сағат 11:50 жағдай ⠀ Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 10 адам, Алматы қаласында - 1 адам тіркелді. ⠀ Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 117 адам, Алматы қаласында – 58 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 204 науқас тіркелді", – деліген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. [caption id="attachment_31237" align="alignnone" width="1000"]коронавирус жұқтырғандар 204 адамға жетті © Сурет ғаламтордан[/caption]