Актриса, әнші Айгүл Иманбаева ата-анасы туралы айтып, көз жасына ерік берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әншінің айтуынша, ата-ананың мәңгі қасында болмайтынын әкесі өмірден өткенде түсінген. Англияда оқып жүрген кезде қаралы хабарды естіп, анасын ойлап, жылағанын еске алды.
«Мен ата-ананың мәңгі қасымда жүрмейтінін әкем өмірден өткенде сезіндім. Әкеммен қырық жылдан кейін араласып, оны жоғалту ауыр тиді. Мен сол кезде Англияда оқып жүрмін. Үйге келгенде анамды бас салып құшақтап, жылағаным есімде. «Мен сені жоғалтуға дайын емеспін» дедім. Өлімге философиялық тұрғыда қарап, қабылдау керек екенін білемін. Бірақ ешкім әке-шешесін жоғалтуға дайын емес. Анама «Сен кетпеші, жүре тұршы. Менің бала жүрегім бұған дайын емес» деп жыладым. Иә, менің жасым 49-да, анам 78-де. Анам көз алдымда қартайып келе жатқанын көру ауыр. Анасы бар адамдарға айтарым, қадірін біліңіз. Көп уақыт бөліңіз», – деді әнші.
Әншінің жан тебірентер әңгімесі желі қолданушыларын бейжай қалдырмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.