Еркін Оқасов United World Wrestling Бюросының мүшесі болып сайланды

UWW Бюросы – United World Wrestling ұйымының негізгі басқару органдарының бірі.

Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының Бюросына мүше болып сайланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сайлау халықаралық федерацияның Астанада өткен Конгресінде ұйымдастырылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі 117 дауыс жинады.

UWW Бюросы – United World Wrestling ұйымының негізгі басқару органдарының бірі. Бюро халықаралық күрестің дамуы, жарыстарды ұйымдастыру, спорттық және стратегиялық мәселелер бойынша маңызды шешімдер қабылдауға қатысады.

Конгресс барысында UWW басшылығын сайлаумен қатар, ұйымның 2026-2032 жылдарға арналған даму стратегиясы, төрешілік жүйесі, қаржылық және ұйымдастыру жұмыстары, сондай-ақ 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері қаралды.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұдан бөлек, Конгресс аясында Біріккен күрес әлемінің президентін сайлау рәсімі өтті. Ненад Лалович ұйымның президенті болып қайта сайланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.