«Ақшаны далаға шашамын»: актер Рамазан Амантай өкінішін айтты (видео)

Әлі күнге дейін баспанасыз жүргенін айтты.

Актер Рамазан Амантай өмірдегі өкінішін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында әлі күнге дейін баспанасыз жүргенін айтты. Бірақ бұл жағдайға өзін кінәлайтынын жасырмады.

Айтуынша, осы уақытқа дейін бірнеше үй алатын қаражат тапқанымен, оны орнымен жұмсай алмаған.

«Жиырма үй алатындай ақшам болған шығар осы күнге дейін. Бірақ ақылым болмапты ғой. Әйелім айтпайды емес, айтады. Мен бой бермеймін. Ақшаны әйелі жинайтын шығар деп ойлайтындар бар шығар, олай. Мен оған бермеймін. Өзімде ғана болады. Мен ақшаны далаға шашамын. Көп ақымақтығыма куә бауырларым бар. Соның барлығын есіме түсіремін», – дейді актер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.