Құрылтай Төрағасы Республика күнімен құттықтады

Бюро отырысында Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай депутаттары мен Аппарат қызметкерлерін Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен Құрылтай депутаты Айжан Сқақова және Құрылтай Аппаратының бөлім меңгерушісі Азалия Мейірманова «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

Әріптестерін құттықтаған Құрыл­тай Төрағасы мемлекеттік наградалар олар­дың кәсіби қызметіне және еліміз­дің дамуына қосқан елеулі үле­сіне берілген жоғары баға екенін атап өтті. Спикер Республика күнінің Қа­зақ­стан үшін айрықша маңызына тоқталып, Мемлекеттік егемендік ту­ралы декларацияның қабылдануы еліміздің  Тәуелсіздігіне тарихи жол ашқанын айтты. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен осы айтулы күннің ұлттық мәртебесі қайтарылды. Бұл шешім тарихи жадымызды жаңғырту мен ұлттық сананы нығайтудағы маңызды қадам бол­ды. Бүгінгі таңда Республика күні қазақстандықтарды Тәуелсіздік, бірлік және ел болашағы жолындағы жауапкершілік сынды ортақ құнды­лық­тар төңірегінде біріктіреді. Осы құндылықтарды сақтау және мемле­кеттілігімізді одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді Айбек Дәдебай.

Құрылтай Төрағасы депутаттық корпус пен Аппарат қызметкерлерін Ұлттық мерекемен құттықтап, заң шығару жұмысында, Қуатты әрі Әділетті Қазақстанды құруға бағыт­талған, ел игілігін көздеген жауапты қызметте табыс тіледі.