Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кешкі сессияда аса ауыр +90 келіде Владислав Саможонов 1/4 финалда Олувейоми Ремелмен (Германия) жолы түйісіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Жекпе-жек бойы отандасымыз толықтай үстемдік етіп, қарсыласын 2 мәрте нокдаунға түсірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.