Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдерді 6:3, 7:5 есебімен жеңді.
Финалда Елена Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.
Айта кетейік, Рыбакина 2025 жылы Нинбода жеңіп алған чемпиондық атағын қорғауға таласады.