Михаил Шайдоров Франциядағы Гран-при кезеңінде төртінші орынға тұрақтады

Михаил Шайдоров Франциядағы Гран-при кезеңінде төртінші орынға тұрақтады

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан 2026/27 жылғы Гран-при сериясының алғашқы кезеңінде қысқа бағдарламасын орындап, төртінші орынға тұрақтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламада 80,25 ұпай жинап, 12 қатысушының арасында әзірге төртінші орында тұр.

Жарыста француз Адам Сяо Хим Фа 102,46 ұпаймен көш бастады. Эстониялық Александр Селевко 85,49 ұпаймен екінші орынға жайғасса, оңтүстіккореялық Мин Гю Со 83,83 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, спортшылар еркін бағдарламаларын ертең, 25 қазанда орындайды.