Коронавирус дертінен емделгендер саны 13-ке жетті
Коронавирус дертінен емделгендер саны 13-ке жетті
© Сурет ғаламтордан
Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы он адам жазылды. Осылайше еліміз бойынша 13 адам covid-19 дертінен сауықты. Олар бүгін үйлеріне қайтатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. "Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған екі науқас емделіп, үйіне шығарылды. Бүгін  тағы 10 пациент шығарылады. Олар стационардан кейін 2 апта ішінде үй карантинінде болады. Соңғы екі күнде келіп түскен барлық науқастар ауруханаға жатқызылды. Байланыстар шеңбері анықталып, ол адамдар іздестіріліп жатыр", – деді ол.