Қасым-Жомарт Кемелұлы Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бұл туралы Ақорда жазды.

Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.