Қазақстанның таеквондодан аға жаттықтырушысы қайтыс болды

Төлеген Темірланұлы отандық таеквондоның дамуына елеулі үлес қосып, Қазақстан чемпиондары мен Азия біріншіліктерінің жеңімпаздарын тәрбиелеген.

Қазақстанның таеквондодан 21 жасқа дейінгі ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Төлеген Төлемұратов дүниеден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төлеген Темірланұлы отандық таеквондоның дамуына елеулі үлес қосып, Қазақстан чемпиондары мен Азия біріншіліктерінің жеңімпаздарын тәрбиелеген.

Sportbugin басылымының жазуынша, бапкер кәсіби шеберлігімен, спортқа деген адалдығымен әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне бөленген.

«Марқұмның қазақ таеквондосының дамуына қосқан үлесі мен бапкерлік жолындағы еңбегі ұмытылмайды. Оның тәрбиелеген шәкірттерінің жетістіктері мен жарқын ізі спорт тарихында сақталады», – делінген хабарламада.

Бапкердің қайтыс болу себебі әзірге хабарланған жоқ.