Елена Рыбакина әлемдік турнирдің финалына шықты

Жартылай финалда Рыбакина әлемдік рейтингте 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездесіп, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жартылай финалда Рыбакина әлемдік рейтингте 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездесіп, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші қарсыласынан басым түсті. Екінші кезеңде Шнайдер есепті 5:5-ке дейін теңестіргенімен, Рыбакина шешуші сәтте қарсыласының добын қабылдап, жеңісті өз пайдасына шешті.

Енді қазақстандық спортшы финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Ол жартылай финалда чехиялық Мария Боузкованы 6:3, 7:5 есебімен жеңген.

Айта кеткен жөн, Елена Рыбакина былтыр да Нинбодағы турнирдің чемпионы атанған. Биыл ол осы атағын қорғауға мүмкіндік алды.