Ұлыбританияда Луиза мен Дэн есімді ерлі-зайыпты ескі үйін жөндеу кезінде күтпеген олжаға тап болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Олар жертөледегі қабырғаның ар жағынан 1970 жылдарға тиесілі, жалпы құны 1 000 фунт стерлингтен асатын ақша тапқан.
Үй иелері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда қабырғаның артында жасырылған банкноттарды байқаған. Ақшаның ондаған жыл бойы сол жерде сақталғаны болжанып отыр.