Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік, тұман және қатты жел күтіледі

Елімізде күн күрт суытады. Кей облыстарда термометр бағаны −11 °C-қа дейін төмендейді.

26 қазанға арналған ауа райы болжамы. Қазақстанда үсік, тұман және қатты жел күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін.

Республика бойынша тұман күтіледі. Батыс және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Бірқатар облыстарда жел күшейеді.

Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының жекелеген аумақтарында және Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында ауа температурасы −2…−11 °C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Астанада: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде −1…−3 °C, күндіз +6…+8 °C. Жел 2–7 м/с.
Алматыда: көшпелі бұлт, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде −2…−4 °C, күндіз +8…+10 °C. Жел 3–8 м/с.

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жыл 26 қазанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер.

Алматы қ.: 26 қазанда түнде 2-4 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шымкент қ.: 26 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

26 қазанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Павлодар қ.: 26 қазанда тұман күтіледі.

26 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, кар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Петропавл қ.: 26 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

26 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының  таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 2-7, облыстың орталығында 11 градус үсік.        

Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 26 қазанда түнде 9-11 градус үсік күтіледі.

26 қазанда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Түнде облыс бойынша 2-7 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қонаев қ.: 26 қазанда түнде 2-4 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 26 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

26 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 26 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

26 қазанда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөтерлі аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 26 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

26 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде облыс бойынша 3-8 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде сақталады, облыстың шығысында күтіледі.

 Тараз қ.: 26 қазанда түнде 6-8 градус үсік күтіледі.

26 қазанда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 26 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

26 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 26 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

26 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

26 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с.

26 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 26 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

26 қазанда Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 26 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

26 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

26 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.