Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына дейін жеңіл көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Оны байқаған полицейлер көлікті тоқтатпақ болған, - деп хабарлайды Aikyn.kz ПД-ға сілтеме жасап.
Бұл оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жолаушылар кеңінен тарады. Видеодағы жол апатына қатысты Қостанай облыстық полиция департаментінің өкілдері түсінік берді.
Полиция патрульдік көліктен түсірілген кадрларды көрсетті. Онда тәртіп сақшылары Volkswagen-нің соңынан қуып, жүргізушіден көлікті тоқтатуды талап еткен. Алайда көлік жүргізушісі полицияның ескертпесіне, құлақ аспаған, қозғалысын әрі қарай жалғастыра берген.
"25 қазанда жеңіл көліктің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицияның тоқтау туралы талабына елеместен қозғалысын жалғастырған. Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында ол қызыл түске өтіп, автобусқа соғылды. Салдарынан жүргізуші қаза тапты, жолаушы ауруханаға жатқызылды. Автобуста 55 адам болды, екеуіне көмек оқиға орнында көрсетілді, - деп хабарлады ПД өкілдері.