Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұлда Қазақстан азаматшасының қаза тапқанын растады. Бұған дейін қайғылы оқиға жайлы түрік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған болатын, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жергілікті ақпарат агенттігінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 25 қазанда таңертең Ыстамбұлдың Шишли ауданында болған.
Олардың хабарлауынша, қыз 6-қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өтпек болған. Алайда шатыр үстінде аяғы тайып, төменге құлап кеткен. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмаған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандық дипломаттардың марқұмның туыстарымен байланыста екенін және оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.
"Түркияның құзырлы органдары тергеу жүргізіп жатыр, Қазақстан азаматшасының қазасының себебі меноқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл мәселе Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бақылауында", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.