Алматыда із-түзсіз жоғалған 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Кеше LIDER.KZ еріктілері ер адамның мәйіті 16 қазанда табылғанын хабарлады.

Алматыда із-түзсіз жоғалып, екі апта бойы іздестірілген 42 жастағы Давид Лебанидзені іздеу жұмыс қайғылы аяқталды.  Жоғалған ер адамның мәйіті Бостандық ауданында табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz

LIDER.KZ еріктілер қозғалысының мәліметінше, 1984 жылы туған Давид Лебанидзе 2026 жылғы 9 қазанда кешкі уақытта Балбөбек көшесіндегі үйінен шығып, қайтып оралмаған. Содан бері ол жақындарымен байланысқа шықпаған.

Ер адамды іздеуге еріктілер де атсалысқан. Олар жоғалған тұрғынның түр-сипаты мен ерекше белгілері көрсетілген хабарландыруларды әлеуметтік желілерде таратып, жұртшылықтан оны табуына көмектесуді сұраған.

Нәтижесінде, LIDER.KZ еріктілері кеше ер адамның мәйіті 16 қазанда табылғанын хабарлады.

Алматы тұрғынының неден және қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз. Сондай-ақ оның мәйіті қай жерден табылғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.