Құтқарушылар шұғыл көмекке мұқтаж науқасты Атырауға жеткі

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

ТЖМ әуе кемесінің ұшқыштары санитариялық рейс орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, Құлсары қаласынан науқасты Атырау қаласына жеткізді.

Науқас әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін облыстық медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды.