«Өкінішім бар, қайғым жоқ...»: Дана Нұржігіттің ұлы әкесі туралы айтты (видео)

Ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында әкесін он жылдан кейін көргенін айтты.

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің ұлы Әлім марқұм әкесі Владимир Рерих туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында әкесін он жылдан кейін көргенін айтты. Бірақ арада аз уақыт өткеннен кейін әкесі бақилық болған.

«Әкеммен он жыл көріспедік. Бірінші рет көрген кезде мен оны танымадым. Қатты өзгеріпті. Жүгіріп барып, қолмен амандастық. Себебі ол кішкентай кезімде маған қарамаған, еркелетпеген. Көріскеннен кейін жиырма күннен кейін кетті ғой. Оны естіп, жылап шықтым ғой. Содан кейін бұл жағдайға басқаша қараймын. Қайғырамын, әкем кетті ғой. Бірақ өкінішім бар, қайғым жоқ. Әкемді он жылдан кейін көргеніме. Балалық шағымда мені тәрбиелесе, өте жақсы болар еді. Бірақ енді жарайды, өтті ғой бәрі», – дейді Әлім.

Айта кетейік, Әлім – танымал журналистер Дана Нұржігіт пен Владимир Рерихтың ұлы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.