«Ит досыңа айналса жақсы, досың итке айналса жаман»: Ердос Қанаев өзіне ауыр тиген оқиғаны айтып берді

Көз алдында болған оқиға әншіге ауыр тиген.

"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев белгісіз біреу итін көлікпен қағып өлтіргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Көз алдында болған оқиға әншіге ауыр тиген. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Иә, мен сондаймын енді.  Жанашырлық болар, мейіріміділік болар. Біреуге күлкілі болар. «Мынаған не болды итті жоқтап» дейтіндер де табылар қазір. Бірақ көз алдыңда қаңсылатып, өлтіріп кеткені ауыр тиді.  «Ит досыңа айналса жақсы, бірақ досың итке айналса жаман» деуші еді. Жеті қазынаның бірі деп те бекер айтпаған. Ит байғұсқа берілген үлкен бір нығметі - иесіне адал болуы екен. Кейде адамнан осы қасиет кеткенде, осы бір хайуанның адалдығын көріп ішімнен таңдай қағатынмын. «Неткен адалдық?» деп. Кейде бір ауыр ойларға шомып кеткенде қасыма келіп, "Мен түсінемін ғой, маған айтсай сырыңды" дегендей көзіме қарап тұратын. Мейірімсіз жан! Есік алдымнан әлі талай өтерсің. Сол кезде қандай сезімде болар екенсің?", - деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.