Қайрат Боранбаев Лондонда өтіп жатқан «Алтын допты» табыстау рәсіміне барды

Әлем футболының үздіктері жиналған кеш биыл Ұлыбритания астанасындағы London Palladium театрында ұйымдастырылды.

Қазақстандық кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Лондонда өтіп жатқан «Алтын доп» марапаттау рәсіміне дәл қазір қатысып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайрат Боранбаев салтанатты іс-шараның тікелей эфирінен көрінді. Әлем футболының үздіктері жиналған кеш биыл Ұлыбритания астанасындағы London Palladium театрында ұйымдастырылды.

26 қазанда өтіп жатқан марапаттау рәсімінде 2026 жылдың үздік футболшылары, бапкерлері мен клубтары анықталады. Биыл «Алтын доп» сыйлығының табысталып келе жатқанына 70 жыл толды. Осыған орай ұйымдастырушылар марапаттау кешін алғаш рет Лондонда өткізуді ұйғарған.

Ерлер арасындағы басты жүлдеге 30 футболшы үміткер. Олардың қатарында Гарри Кейн, Килиан Мбаппе, Ламин Ямаль, Эрлинг Холанд және Лионель Месси бар.

Айта кеткен жөн, «Алтын доп» сыйлығын 1956 жылдан бері France Football журналы табыстап келеді. 2025 жылы бұл марапатқа Франция құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле ие болған.