Алматының құтқарушылары тауда адасқан екі туристі аман алып қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы қаласы Бостандық ауданында екі жас турист теңіз деңгейінен шамамен 2200 метр биіктікте орналасқан Көкжайлау шатқалына көтерілген. Олар сол жерден төмен түсу кезінде бағыттан адасып, өздігінен жол таба алмай қалған.
Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жедел түрде жіберіліп, олардың таудан аман-есен оралуына көмектесті. Құтқарушылар туристерді төменге дейін қауіпсіз алып түсіп, экологиялық бекетте полиция қызметкерлеріне тапсырды.