Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды

Жасөспірімнің аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орақ аппаратына қысылып қалған.

Құтқарушылар комбайнның орақ аппаратына қысылып қалған 17 жастағы жігітке көмекке келді, -деп хабарлайды Aikyn.kz. ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше болған.  Тркістан облысы Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында 2009 жылы туған азамат оқыс оқиғаға тап болған.

— Комбайнды жөндеу жұмысы кезінде жасөспірімнің аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орақ аппаратына қысылып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен жасөспірімді босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, — делінген хабарламада.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)