Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға қандай қолдау көрсетіледі?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді алу мерзімінің ең ұзақ кезеңі алты айдан үш айға дейін қысқарған.

Елімізде жұмысынан айырылған азаматтар жаңа жұмыс табуға, кәсіп үйренуге, біліктілігін арттыруға және жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік бар. Тіпті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтар жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ең алдымен көмек алудың алғашқы қадамы жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Сондықтан тұрғылықты жердегі Мансап орталығына баруға, eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы өтініш беру керек. Өтініш бергенде азамат білімі, кәсіби дағдысы, еңбек өтілі және қандай жұмысқа орналасқысы келетіні туралы мәліметтерді толтыруы қажет.

Мысалы, Мансап орталығының мамандары азаматтарға лайықты бос жұмыс табуға көмектесіп, қолжетімді қолдау шаралары туралы кеңес береді.

Жұмысынан айырылған азаматтарға көрсетілетін тағы бір қолдау – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және төлем алуға құқығы бар азаматтарға жоғалтқан табысының бір бөлігін өтеу үшін беріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді алу мерзімінің ең ұзақ кезеңі алты айдан үш айға дейін қысқарады.

- Төлем мерзімі азаматтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Ал төлемнің ең жоғары мөлшері ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 45 пайызынан аспайды. Әр азаматқа төленетін нақты сома әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысына және сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай есептеледі, - делінген хабарламада.