Алматыда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлім сарбаздары есінен танып қалған адамға алғашқы көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жерде жатқан адамды байқаған әскери жасақ бастығы, қатардағы Азамат Бөкенов және патруль жауынгерлері Нұрасыл Нұрлан мен Ахмет Тынышық оған бірден жедел жәрдем шақырады. Олар уақыт жоғалтпай, ер адамды ақырын орындыққа отырғызып, алғашқы көмек жинағында бар құралдардың көмегімен мұрын қанауын тоқтатады.
Бұл жағдай ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған жандарға шұғыл көмек көрсетуге дайын екендігін тағы да көрсетті.