Қасым-Жомарт Тоқаев 28-30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.

28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.