Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Федерацияның кезектен тыс конференциясында өткен сайлау нәтижесінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ұйым басшысы қызметінде Данияр Әбілғазинді алмастырды.
Айта кетейік, Жеңіс Қасымбек федерацияны 2027 жылы өтетін үстел теннисінен әлем чемпионаты қарсаңында басқаруға кірісті.
Федерация бұған дейін қолға алынған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Негізгі басымдықтар елімізде үстел теннисін одан әрі дамыту, спортшылардың сапалы даярлығына қажетті жағдай жасау және Қазақстанның халықаралық спорт қауымдастығындағы беделін нығайту болмақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.