Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Отандасымыз шілде айында ғана Джакартада (Индонезия) өткен U19 Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аса ауыр салмақтағы Зарина Толыбай шешуші кезеңде Самира Итониевамен (Ресей) айқас өткізіп, 4:1 есебімен басым түсті.

Заринаның финалға дейінгі жолы:

 1/4 финал.  Френцис Таафаки (Тувалу) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

 1/2 финал.  Мирей Догру (Түркия) - 5:0

Бокс федерациясы мәліметінше, отандасымыз шілде айында ғана Джакартада (Индонезия) өткен U19 Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.