Күн суып, үсік жүреді: 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің бірқатар аймақтарына үсік жүреді.

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірлерінде сәрсенбіге дауылды ескерту жариялады,  - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түсіп, соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ал түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. 

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел тұрса, түнде облыста 1-6 градус суық болып, үсік жүреді.  Алматыда 28 қазанда түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүрсе, Қонаевта түнде 2-4 градусқа дейін суытады. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және Қарағанды облысын тұман басады. Абай облысының батысында, солтүстігі тұманнан бас көтермейді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман басқанымен, түнде облыста 1-6 градус суық болып, үсік жүреді. Таразда күндіз жылы болғанымен, түнде 3-5 градус суытады. 

Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл соғып, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус суық болып, үсік жүреді.  Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман басады. Павлодар облысын да сондай жағдай.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде 3-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында шығыстан жел соқса, Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Астанада 28 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.