10 миллион теңге бөлді
10 миллион теңге бөлді
135
оқылды
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жариялап, індетке қар­сы күресті күшейту жөнінде берген тапсырмасы бойынша мемлекет тарапынан тиісті жұ­мыстар атқарылуда. Осы қы­сылтаяң шақта еліміздің патриот азаматтары жомарт­тық танытып, халыққа көмек­терін тигізуде. Солардың бірі – Түркістан облысының азаматы Сырым Ертаев. Белгілі кәсіпкер, «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Ел­басы Үндеуін қолдап, #Bizbirgemiz акциясы аясында өз қаражаты есебінен арнайы қорға 10 мил­лион теңге аударды. Nur Otan пар­тиясының мүшесі, отан­шыл азамат бұған дейін де бірне­ше от­басыға үй салып беріп, қа­йырым­дылығымен танылған бо­латын. «Тұтас Қазақстан ауыр ін­детке қарсы күресіп жатқан сәтте елге көмектесуді азаматтық, пер­зенттік парызым деп білемін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Үндеуінде кәсіпкерлерге маңызды ой тастады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз әрқай­сысымыз өз міндетімізді жауап­кершілікпен орындасақ, бұл қиын­дықтан тезірек шығамыз», – деді. Ендеше әр азамат төтенше жағ­дайдағы ережені сақтап, ресми өкілдер мен дәрігерлердің ескерт­пелерін орындағаны жөн. Біз бірігіп, бұл қиындықты де жеңіп шығамыз», – дейді Сырым Ертаев. Естеріңізге сала кетейік, 20 нау­рызда басталған облыстық Nur Otan партиясы қолға алған #Bizbirgemiz акциясы жалғасуда. Айталық, акция аясында өңірдегі аудан, қалаларда 690 тұрғынға, яғни осынша отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Партияның «Кедергісіз келе­шек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» жоба­лары арқылы жалғызілікті қария­лар, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар және әлеу­­меттік жағдайы өте төмен тұр­ғын­дарға қолдау көрсетілуде. Коро­навирусқа қарсы күрес, тұрғын­дардың әл-ауқатын көтеру мақ­са­тындағы акцияға партия филиал­дары, аудан, қала әкімдері, жасотандықтар, ерікті жастар және жомарт кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары белсенді атсалысып жатыр. Бастапқыда 1 300-дей отбасына көмек беру жоспарланған. Алай­да тұрғындардың өтініштері бо­йынша бұл тізім 1 500-ге ұлғайып отыр. Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев: «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағ­дай ке­зінде аз қамтылған және көп­ба­лалы отбасыларға қол­дауды күшей­туді тапсырды. Nur Otan партиясы акцияны негізгі үй­лестіруші ретінде осы бағытта жұмысты жан­дандыра түсті. Ел аза­мат­тары, кәсіпкерлер, депутат­тар мен ерікті жастар тарапынан қолдау көрсетілуде. Мұндай қиын сәтте біз бірге болып, қолдан кел­генше елге көмектесуіміз керек. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұ­лы­ның тапсырмасымен өңірде бұл акция жоғары деңгейде өтіп жатыр», – дейді. Мерекелік демалыс күндері де жұмысты тоқтатпаған жас­тар мен еріктілер, партия өкіл­дері арнайы қоймада бас қосты. Олар демеушілерден, ел азамат­тары тара­пынан түскен қар­жыға алын­ған азық-түлікті жүк кө­лік­теріне артып, аудан, қала­ларға жөнелтті.  

Тельман БЕЙСЕНОВ, Түркістан облысы