Бірнеше әуежайды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған – Президент

Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Қатонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.

Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Қатонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады.

Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз», – деді Президент.