Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық сайыста жеңіске жетті.
Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті.
Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.