«Шексіз жақсы көремін»: Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Жылы лебізін білдіріп жатқан оқырмандарына алғыс айтты.

Әнші Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

48 жасын атап өткен өнер иесі туған күнінде отбасылық суретін жариялап, жолдасы сыйлаған сыйлықты көрсетті. Сонымен қатар жылы лебізін білдіріп жатқан оқырмандарына алғыс айтты.

«Қош келдің, 48 жасым. Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар. Маған тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Алла қосқан қосағыма, қыздарыма мың алғыс. Сендерді шексіз жақсы көремін», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.