Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чехия Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы жеделхатта Қазақстан Чехиямен өзара құр­мет пен сенімге негізделген әріптестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақ­тас­тықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің мемлекеттік қызметіне то­лайым табыс, ал чех халқына бақ-береке тіледі.