Қазақстанда бір тәулікте мемлекеттік орман қоры аумағында бір емес, екі өрт фактісі тіркелді,– деп хабарлайды Aikyn.kz
Оның бірі – Қостанай облысында, екіншісі Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған.
Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері және қажетті техника жұмылдырылды. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде өрт ошағықтары қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді.
Өрт қауіпті кезеңі әлі жалғасып жатқандықтан, «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері мен орман күзеті өрттің алдын алу үшін жерүсті және әуе патрульдеу жұмысын жалғастырып жатыр.
Мамандар азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және орман өрттерінің алдын алуға жауапкершілікпен қарауға шақырады.