Павлодар облысының Атамекен ауылында сырттағы дәретхана опырылып түсіп, ішіндегі әйел қамалып қалған,– деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап..
Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері конструкцияның одан әрі опырылуына жол бермеу үшін оны ұстап тұрып, есігін бөлшектеген. Осылайша, әйелді сыртқа алып шығарған.
Құтқарылған әйел медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.