Елордада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Қазір осы дерек бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Әлеуметтік желіде Астанада автобус қыз баланы қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем оны ауыр халде ауруханаға алып кеткен,– деп хабарлайды Aikyn.kz

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, IVECO маркалы маршруттық автобус жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Кенет тежелу салдарынан автобустың үш жолаушысы дене жарақатын алды. Жаяу жүргінші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады департамент.