Қазақстандық балуан Өсімжан Дастанбек Астанада өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді,– деп хабарлайды Aikyn.kz
Балуан 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде украиналық Андрей Джелеппен кездесті.
ҚР ҰОК мәліметінше, нәтижесінде Өсімжан Дастанбек 3:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының келесі айналымына шықты.
Айта кетейік, Зейнеп Баянова кіші финалда Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.