Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде қазақстандық дерби өтті. Екінші айналымда ұлттық құраманың екі өкілі – Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өзара кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
1 сағат 11 минутқа созылған матчта әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу барысында Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды. Ал Путинцева бір эйс орындағанымен, өзіне берілген жалғыз брейк-пойнт мүмкіндігін пайдалана алмады.
Айта кетейік, әлемдік рейтингте 67-орында тұрған Юлия Путинцева турнирдегі өнерін іріктеу кезеңінен бастап, оны сәтті еңсеріп, негізгі жарыстың екінші айналымына дейін жетті.
Елена Рыбакина ширек финалда чемпиондық атақ үшін күресін жалғастырады. Оның келесі қарсыласы бұған дейін бельгиялық Элизе Мертенсті 6:3, 6:2 есебімен жеңген канадалық теннисші Лейла Фернандес болады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Юлия Путинцеваны жеңуі Елена Рыбакинаға WTA әлемдік рейтингіндегі бірінші орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді.