Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеулерді біріктіру жекпе-жегін 2027 жылғы қаңтарда өткізгісі келетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Sports.kz.-ке сілтеме жасап
Жәнібек Әлімханұлы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Сауль «Канело» Альварес пен Кристиан Мбилли арасындағы жекпе-жектің постерін жариялап, осы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасуға ниетті екенін білдірді.
– Қаңтарда мен екінші орта салмақта чемпиондық белбеудің иегері боламын. Мамырда осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесіп, титулдарды біріктіргім келеді, – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Мексикалық Альварес пен Мбилли арасындағы кездесу 31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді деп жоспарланған. Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Ал Әлімханұлы 2027 жылы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында жергілікті боксшы Якоб Банкпен кездеседі. Олар екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO әлем чемпионы атағын сарапқа салады.