QR-төлем жүйесі бес ел арасында біріктіріледі

Бұл Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан тұрғындарына шетелде өз банктерінің үйреншікті мобильді қосымшасы арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ бір-біріне лезде ақша аударуға мүмкіндік береді.

Тәжікстанда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан ұлттық банктері өкілдерінің төлем жүйелерін бірлесіп дамыту мәселелеріне арналған төртінші өңірлік кездесуі өтті. Онда ұлттық төлем платформалары мен жедел төлем жүйелерін дамыту, сондай-ақ QR-код стандарттарын енгізу тәжірибесімен бөлісті,   –  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Трансшекаралық төлемдерді дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Осы бағытта ұлттық жедел төлем жүйелері мен цифрлық валюталардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру тәсілдері таныстырылды", – деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның ұлттық QR-төлем жүйелерін біріктіру туралы ұсынысын қолдап, 2026 жылдың соңына дейін елдер бұл тетікті әзірлеуді жоспарлап отыр.

Бұл Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан тұрғындарына шетелде өз банктерінің үйреншікті мобильді қосымшасы арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ бір-біріне лезде ақша аударуға мүмкіндік береді.

Қазақстан тарапы ақпарат алмасу және цифрлық активтерді реттеу тәсілдері бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы да ұсыныстар жасады.