Асыл Айтақын Астанадағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Тартысты кездесуде ирандық балуан 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының еркін күрес шебері Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама ала алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда Иран өкілі Ахмад Масуд Мохаммаднежаджаванмен белдесті.

ҚР ҰОК мәліметінше, тартысты кездесуде ирандық балуан 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Асыл Айтақын елімізде өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль үшін күреседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.