«Құдалықты қалай жасау керек?»: Жазира Байырбекова оқырмандарынан кеңес сұрады

Өнер иесі ұлын үйлендірген болатын.

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде оқырмандарынан кеңес сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі ұлын үйлендірген болатын. Енді құдалықтың қамына кіріскенін айтты.

"Екі бала үйленген кезде той жасадық, бірақ әлі құдалық жасамадық. Ұятын-ай. Содан құдалық жасайық, ұзап кетті деп мейрамхана іздеп жүрміз. Қайда жасаған дұрыс? Бізге ақылдарыңыз керек. Үйде де күтеміз, бірақ күндіз үйде, кешке мейрамханаға апару керек шығар", - деді ол. 

Айта кетейік, әнші бір ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.