Қараша айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Осы айдағы кәсіби және атаулы күндер аталып өтіп, салада еңбек ететін мамандарға құрмет көрсетіледі.

Биыл қарашада елімізде мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған орай бес күндік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететін қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қараша айында 9 демалыс күні бар. Сонымен қатар осы айдағы кәсіби және атаулы күндер аталып өтіп, салада еңбек ететін мамандарға құрмет көрсетіледі.

Кәсіби мерекелер:

• 5 қараша – Сыртқы барлау күні;

• 8 қараша – Статистика күні;

• 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні;

• 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстанның қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі;

• 21 қараша – Бұрғылаушылар күні;

• 15 қараша – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні.

Сонымен қатар қараша айында БҰҰ аясында атап өтілетін бірнеше халықаралық күн бар. 

Халықаралық атаулы күндер:

• 2 қараша – Журналистерге қарсы қылмыстар үшін жазасыздықты тоқтатудың халықаралық күні;

• 4 қараша – Дүниежүзілік ЮНЕСКО күні;

• 5 қараша – Цунами қаупі туралы ақпарат тарату жөніндегі дүниежүзілік күн, Халықаралық қамқоршылар күні және Роман тілінің дүниежүзілік күні;

• 6 қараша – Соғыс пен қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны пайдаланудың алдын алудың халықаралық күні;

• 10 қараша – Дүниежүзілік ғылым күні;

• 12 қараша – Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні;

• 14 қараша – Дүниежүзілік сапа күні, Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні және Мәдени құндылықтардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күні;

• 15 қараша – Сегіз миллиард адам күні;

• 16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні және Дүниежүзілік мұраның халықаралық күні;

• 17 қараша – Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күні;

• 18 қараша – Ислам өнерінің халықаралық күні;

• 19 қараша – Дүниежүзілік дәретхана күні және Балаларға қатыгездік көрсету мен оларға қамқорлықтың болмауының алдын алудың дүниежүзілік күні;

• 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні және Африканы индустрияландыру күні;

• 21 қараша – Дүниежүзілік телевидение күні және Халықаралық философия күні;

• 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. 

• 29 қараша – Палестина халқымен ынтымақтастықтың халықаралық күні және Халықаралық ягуар күні;

• 30 қараша – Химиялық соғыс құрбандарын еске алу күні.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.